preloader

Жаңалықтар

Бас имам ардагер журналистпен жолықты

Бас имам ардагер журналистпен жолықты

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Іле ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Алматы облысының құрметті азаматы, тележурналистиканың тарланы Мыңжасар Тілеуқабыл Үсенұлымен кездесті.

Облыс бас имамы Тілеуқабыл Үсенұлына бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, ҚМДБ биылғы жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялағанын атап өтті.

Мадияр Тағайбайұлы өңірімізде Аталар мектебі құрылғандығын айта келе, журналист ағамызды осы бастама аясында ұрпақ тәрбиесіне қажетті кеңестерімен бөлісуге шақырды.