preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Аталар мектебі — тәрбие негізі» атты семинарда баяндама жасады

Бас имам «Аталар мектебі — тәрбие негізі» атты семинарда баяндама жасады

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық Мәдениет үйінде «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты семинар өтті.

Алғы сөзді алған Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы «Аталар мектебі тәрбие негізі» атты тақырыпта баяндама оқып, қазақтың дүниетанымында ата институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.

Екінші болып Талғар ауданының құрметті азаматы, ақын-сазгер Қамнұр Тәлімұлы сөз алып, ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғады.

Ұйғыр аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ербол Төлендеұлы ағамыз қоғамдағы ақсақалдардың рөлі жайында баяндады.