preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Берекелі Тайқазан» шарасына қатысты

Бас имам «Берекелі Тайқазан» шарасына қатысты

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешіті және жергілікті «Зекет және қайырымдылық» қорының мұрындық болуымен «Берекелі Тайқазан» атты қайырымдылық шарасы жалғасын тапты.

Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысы бойынша өкілі Ринат Маратұлы және дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған 200 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.