preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Биеке батыр» мешітінде ауызашар берді

Бас имам «Биеке батыр» мешітінде ауызашар берді

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы «Биеке батыр» мешітінде зиялы қауым өкілдеріне, «Айна» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің Талғар ауданындағы дайындық курсының студенттеріне  арнайы ауызашар берді.

Рухани шара барысында «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қолдан қолға» акциясы аясында «Айна» балалар үйіне 250 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді. 

Осы бастама аясында Талғар ауданындағы дайындық курсының 50 студентіне жалпы көлемі 250 000 теңгені құрайтын бір реттік шәкіртақы үлестірілді.

Бұдан бөлек, облыс бас имамы жүйелі түрде қайырымдылық шараларға қолдау білдіріп жүрген кәсіпкер азаматтарға алғыс хаттар табыс етті.