preloader

Жаңалықтар

Бас имам Еңбекшіқазақ ауданының әкімімен кездесті

Бас имам Еңбекшіқазақ ауданының әкімімен кездесті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Еңбекшіқазақ ауданына арнайы іс-сапармен барды. Бұл сапар барысында бас имам Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлымен кездесті.

Мадияр Тағайбайұлын жылы шыраймен қабылдаған Талғат Ескендірұлы жергілікті имамдардың ауданның рухани өміріне қосқан үлесінің ерекше екендігін атап өтті. Бұдан бөлек аудандағы діни ахуал мәселесі, мешіттердің жағдайы сияқты бірқатар мәселелер сөз болды.