preloader

Жаңалықтар

Бас имам Іле ауданының мешіттерін аралады

Бас имам Іле ауданының мешіттерін аралады

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Іле ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.

Атап айтқанда облыс бас имамы Қоянқұс және Жаңадәуір ауылдарындағы орналасқан мешіттердің құжаттарының толықтығын тексеріп, жергілікті дін қызметкерлерімен сұхбаттасты.

Мадияр қажы Тағайбайұлы имамдарға ҚМДБ тарапынан бекітілген бағыттарға ерекше көңіл бөлу қажеттігін еске салып, қызметтеріне береке, отбасыларына амандық тіледі.