preloader

Жаңалықтар

Бас имам облыстық мешітте уағыз айтты

Бас имам облыстық мешітте уағыз айтты

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы орталық «Қапшағай» мешітінде жамағатқа уағыз айтты.

Мадияр қажы Тағайбайұлы көпшілікті Ораза айтпен құттықтай келе, бұл мерекенің тағылымдық маңызы жайлы танымдық насихат айтып, бұл күні жетім-жесір, мүгедек жандарға қолынан келгенше сыйлық жасап, ауру-сырқаулардың халін біліп, оларға Алладан шипа тілеу керектігін, сондай-ақ туған-туыс, дос-жаранның шаңырақтарына барып, қуанышпен бөлісу қажеттігін айтып өтті.