preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Бүгін, қасиетті жұма күні Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Райымбек аудандық мешітінде «Исламның тірегі болған төрт хадис» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын жүргізді. Жұма насихаты барысында: «Хадистер ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бен сахабалар дәуірінде қағаз бетіне түсіріліп, кейбір хадис жазбалары жарық көрсе де, жүйелі түрде сахабалар дәуірінен кейін жинақтала бастады. Оларды жинақтау, тізбегін зерттеу, дұрыс, әлсіз, жалған хадис екенін анықтау үшін өмірін арнаған қаншама ғұлама-ғалымдарымыз болған», — деп, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өкілеттілігіне Алла Тағаланың аяттарын оқып, түсіндіру, адамдарды тәрбиелеу әрі даналықты үйрету екенін жеткізді бас имам.
Уағыз соңында Мадияр Тағайбайұлы  жамағатпен ел амандығы мен тыныштығы үшін бата жасап, дұға етті.