preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Қолдан қолға» акциясына қатысты

Бас имам «Қолдан қолға» акциясына қатысты

Алматы облысындағы «Зекет және қайырымдылық» филиалының мұрындық болуымен «Қолдан қолға» акциясы жалғасын тапты.

Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы облысы бойынша өкілі Ринат Маратұлы, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы  қатысты.

Бірінші шара аясында, облыс бас имамы Боралдай кентіндегі жедел медициналық жәрдем подстанциясының фельдшері Дархан Бақыткелдімен кездесіп, оған 100.000 теңгенің сертификатын табыс етті.

Бірнеше апта бұрын Дархан бауырымыз өрт салдарынан баспанасыз қалып, үйін қалпына келтіру үшін елден көмек сұраған болатын.

Келесі шарада облыс бас имамы көпбалалы ана Алия Қантөреева апамыздың шаңырағына барып, жақында ғана ашқан асханасының қызметіне қолдау білдіру мақсатында 50.000 теңге көмек беріп, кәсібіне береке тіледі.