preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасына қатысты

Бас имам «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасына қатысты

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өткізіліп тұратын дәстүрлі шаралардың бірі – «Рамазан қоржыны» республикалық акциясы Талғар қаласындағы «Биеке батыр» мешітінде жалғасын тапты.

Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Ринат Маратұлы және дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған 50 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.