preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Үшқоңыр» медресе-колледжінің 10 жылдық мерейтойына қатысты

Бас имам «Үшқоңыр» медресе-колледжінің 10 жылдық мерейтойына қатысты

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы «Үшқоңыр» медресе-колледжінің 10 жылдық мерейтойына орай өткен салтанатты шараға қатысты.

Мерейтойға ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген тұлғалар, білім нәрімен сусындатқан нұрлы ұяның ардагер ұстаздары және әр жылдары түлеп ұшқан түлектер мен басқа да сыйлы меймандар жиналды. Құрметті қонақтар қатарында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы болып, «Үшқоңыр» медресе-колледжін 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл білім ордасының ел игілігі үшін қосып келе жатқан өлшеусіз үлесіне тоқталды.

Білім нәрімен сусындап отырған болашақ исламтанушылар мерейтой қарсаңында облыстық, республикалық және халықаралық сайыстар мен конференцияларға белсене қатысып, жүлде қорларын толықтырып әрі тәжірбиелерін молайта түсті.

Түлектер де алған білімдерінің сапасын жоғарғы оқу орындарында дәлелдеп қана қоймай, еліміздің өркендеуіне ерен еңбек сіңіріп, медреселер мен мешіттерде қызмет атқарып келеді.