preloader

Жаңалықтар

Бас имам Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасарымен кездесті

Бас имам Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасарымен кездесті

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Ұйғыр ауданында ​ болды.​

Сапар барысында облыс бас имамы аудан әкімі​нің орынбасары Қадыржан Исаханұлымен кездесіп, жергілікті имамдардың қызметі мен әлеуметтік жағдайы, діни ахуал​ және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Аудан әкімінің орынбасары өз тарапынан қолдау көрсететінін жеткізді.