preloader

Жаңалықтар

Бас имам Жамбыл ауданының әкімімен кездесті

Бас имам Жамбыл ауданының әкімімен кездесті

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында ​ болды.​

Сапар барысында облыс бас имамы аудан әкімі​ Нұрлан Ертасұлымен кездесіп, жергілікті имамдардың қызметі, діни ахуал​ және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұдан бөлек, облыс бас имамы аудан басшысына аудандық орталық «Шынасыл» мешітінің жаңа бас имамы Тойчибаев Бақыт Абдиисламұлын таныстырды.