preloader

Жаңалықтар

Бейтарыс Сұлтанның 800 жылдығына орай конференция өтеді

Бейтарыс Сұлтанның 800 жылдығына орай конференция өтеді

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде дін қызметкерлеріне арналған бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«Биыл – Ислам әлемінің қорғаны болған бабамыз Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы. Осы мерекелік датаға орай «Мұнара» газеті арнайы айдар ашып, бабамызды көпшілікке тереңірек танытуы тиіс. Сондай-ақ Нұр-Мүбарак университетінде Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай халықаралық конференция өткіземіз» деді ҚМДБ Төрағасы.