preloader

Жаңалықтар

«Биеке батыр» мешіті: Ұлттық спорт түрлері дәріптелді

«Биеке батыр» мешіті: Ұлттық спорт түрлері дәріптелді

Талғар қалалық «Биеке батыр» мешітінде «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» атты шара ұйымдастырылды.

Қазақ халқының салт — дәстүрі дәріптелген шараға «Халал Даму» ЖШС-нің Алматы облысындағы жауапты өкілі Жәнәбіл Ахметбекұлы ағамыз қатысып, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады.

Бұдан бөлек садақ ату, арқан тартыс, қол күрес секілді ұлттық ойындардан жарыстар өтіп, жеңімпаз атанған қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.