preloader

Жаңалықтар

Жамбыл ауданында бокстан ашық республикалық турнир өтті

Жамбыл ауданында бокстан ашық республикалық турнир өтті

Ислам және ізгі қоғам жылы аясында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылдық «Сәт» мешітінің имамы Сейтқали Серік-қажы Есімбекұлының ұйытқы болуымен бокстан жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өтті.

Төрт күнге созылған бұл турнирдің ашылу салтанатына Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, Алматы облысы билер кеңесінің аға биі Бектасов Бақыт, Алматы қаласының билер кеңесінің аға биі Оспанов Бектұрсын, бокстан әлем чемпионы Қанат Ислам келіп, жас спортшыларға игі тілектерін арнап, сәттілік тіледі.

«Дене қуаты, ой ұшқырлығы, иман – ер жігітке қажетті қасиеттер. Спорт – нәпсінің құлдығынан сақтайтын ең жақсы жол. Спорт – Алланың парыздары мен білім үйренуден кейінгі ең абзал әрекет. Спорт адамға кішіпейіл, кешірімді болуға, сәттіліктер мен жеңісті қарапайым қабылдап, тәкаппарлыққа бой алдырмауға үйретеді. Бұдан бөлек, басқа түскен қайғы мен жеңілістерге қарсы сабырлыққа бейімдейді» деп облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы салауатты өмір салтының маңыздылығына тоқталды. насихаттады.

Турнир басталып, аяқталған уақытқа дейін, полиция, медицина және төтенше жағдайлар қызметкерлерімен қамтамасыз етілді.

Жеңімпаздарға арнайы тапсырыспен жасатылған кубок берілді. Жүлделі орын иегерлері медальдармен, облыстық спорт комитетінің дипломдарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.