Елімізге Сауд Арабия королі атынан берілген Құран Кәрім жеткізілді
Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың атынан дүниежүзі мұсылмандарына Король Фахд атындағы Құран Кәрімді баспадан шығару кешенінен 1 миллион Құран Кәрімді тарату бағдарламасы аясында Қазақстанға 36 500 данасы бөлінген болатын.
Бүгін қасиетті Құран кітабын Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтани мырза ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына арнайы табыстады.
Бас мүфти елшіге айрықша алғыс айтып, бұл кітаптар алдағы уақытта еліміздегі мешіттерге таратылатынын жеткізді.