preloader

Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданының имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Еңбекшіқазақ ауданының имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Берекелі Рамазан айының жақындауына байланысты Еңбекшіқазақ аудандық «Имам Мұхаммед» мешітінде арнайы жиын өтті.

Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы Ибрагим Нұрахмедұлының төрағалық етуімен өткен басқосуда ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы сөз болды.

Аудан бас имамы жергілікті елді мекен имамдарына «Ислам және ізгі қоғам» жылында «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша жұмыс жоспарына ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ келе жатқан Рамазан айында атқарылуы тиіс іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге тапсырды.