preloader

Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданының имамдарына арналған он күндік семинар аяқталды

Еңбекшіқазақ ауданының имамдарына арналған он күндік семинар аяқталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде діни оқу-ағарту бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылған болатын. Осыған орай ұйымдастырылған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының имамдарына арналған он күндік семинар өз мәресіне жетті.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы Ибрагим Нұрахмедұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан семинар барысында жергілікті имамдарға Құран Кәрім және Тәжуид пәндерінен дәрістер өткізілді.

Семинардың аяқталуына байланысты өңіріміз бойынша діни ағарту бағытына жауапты маманы Сәкен Еншібайұлы арнайы келіп, дін қызметкерлеріне сертификаттар табыс етіп, алдағы уақытта да білімдерін шыңдауға шақырды.