preloader

Жаңалықтар

«Ер есімі – ел есінде» атты кездесу өтті

«Ер есімі – ел есінде» атты кездесу өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Балқаш аудандық Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды.

«Ер есімі – ел есінде» атты кездесу барысында облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы спорт кешенінің басшылығы мен қызметкерлерімен сұхбат құрып, өскелең ұрпақты спортқа баулу арқылы ізгілікке тәрбиелеп отырған еңбектерінің маңыздылығын атап өтті.

Сөз соңында Мадияр Тағайбайұлы жиналған көпшілікті келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтап, қызметтеріне табыс, отбасыларына саулық тіледі.