preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: «Ихсан және насихат» тақырыбында семинар өтті

Іле ауданы: «Ихсан және насихат» тақырыбында семинар өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде Ихсан және насихат бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Осыған орай, Алматы облысы Іле ауданының имамдарына арналған арнайы семинар ұйымдастырылды.

Семинарды өңіріміз бойынша осы бағытқа жауапты Дархан Аманұлы өткізіп, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – тәрбие негізі» кітабынан мәліметтер келтірді.

Атап айтқанда, Дархан Аманұлы имамдар — пайғамбарлардың мұрагері, үлкен аманатты арқалаған жандар деп, дін қызметкерлері өздерінің рухани тәрбиесіне қатты мән беру керектігін айтып өтті. 

Өз кезегінде имамдар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын айтып, осындай шаралар жиі өткізілсе деген ұсыныстарын айтты.