preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Қасапшыларға арналған семинар өтті

Іле ауданы: Қасапшыларға арналған семинар өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Іле ауданында «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» тақырыбында семинар өтті. Семинарға аудан бойынша құрбан шалатын орындарда қызмет атқаруға тиісті азаматтар қатысып, тәжірибе жинақтады.

Алғы сөзді алған Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы танымдық шараның мәні мен мақсатын түсіндірсе, «Халал Даму» ЖШС-нің Алматы облысындағы жауапты өкілі Жәнәбіл Ахметбекұлы қасапшы азаматтарға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығын түсіндірді.