preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Құран жарысы ұйымдастырылды

Іле ауданы: Құран жарысы ұйымдастырылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жәпек батыр ауылдық «Мәметәлі» мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтті.

Шараның алғы сөзін алған Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы қатысушыларға сайыстың  шарттарын түсіндіріп, сәттілік тіледі.

Жарысқа қатысушылар 30-шы пара, яғни «Нәбә» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа оқу, сондай-ақ жарты параны жатқа оқу аталымдары бойынша бақ сынасты. Құран жарысына аудан бас имамы Дархан Аманұлы, Батыр ауылдық «Нұр-Ислам» мешітінің имамы Ментаев Әлішер және Жәпек батыр ауылдық «Мәметәлі» мешітінің ұстазы Абдулов Нүридден қари төрелік етті.

Баға беру барысында үміткерлердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

Жарыс нәтижесі төменде:

30-шы параны жатқа оқудан:

І орын (Ұмра қажылығы) – Рахымбаев Мадияр;

ІІ орын (70 000 теңге) – Әсімбаев Сәкен;

ІІІ орын (50 000 теңге) – Нұрманов Камал.

Жарты параны жатқа оқудан:

І орын (50 000 теңге) – Ғалымбек Жәнібекұлы;

ІІ орын (30 000 теңге) – Болатхан Ислам;

ІІІ орын (20 000 теңге) – Жұмахан Нұржігіт.