preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: Жамағатқа халал астың маңыздылығы түсіндірілді

Іле ауданы: Жамағатқа халал астың маңыздылығы түсіндірілді

Алматы облысы Іле ауданына қарасты бірқатар мешіттерде «Халал астың маңыздылығы» атты танымдық шаралар өткізілді.

Іле ауданы бойынша «халал» бағытына жауапты Досан Айтқұлұлы Жаңадәуір, Жаңаталап және Қоянқұс елді мекендерінде орналасқан құлшылық үйлерінде болып, жергілікті тұрғындарға шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымызға және күнделікті өмірімізге беретін пайдасы, харам нәрсенің денсаулығымыз үшін де, ақыретіміз үшін де тигізер зияны туралы кеңінен айтып берді.