preloader

Жаңалықтар

Іле ауданында «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық акциясы өткізілді

Іле ауданында «Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық акциясы өткізілді

Алматы облысына қарасты Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Аудан бас имамы Дархан Аманұлының ұйымдастыруымен және жомарт азаматтардың қолдауымен жүзеге асқан игі шара барысында жергілікті 350 отбасыға, атап айтқанда көпбалалы және жалғызбасты аналарға, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жандарға 700 дана аяқ-киім үлестірілді. Аталмыш көмектің жалпы сомасы 3 500 000 теңгені құрады.

Сондай-ақ, Дархан Аманұлы «Мейірімді болыңыз, мейірімге бөленесіз» тақырыбында уағыз-насихат айтты.