preloader

Жаңалықтар

Іле ауданында жас жұбайларға арналған семинар өтті

Іле ауданында жас жұбайларға арналған семинар өтті

Алматы облысы Іле ауданында «Ихсан және Насихат» бағыты аясында «Ажырасу – Алла сүймейтін іс» атты жас жұбайларға арналған семинар ұйымдастырылды.

Алғы сөзді алған Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы танымдық шараның мәні мен мақсатын түсіндірсе, Алматы облысының наиб имамы, өңіріміз бойынша діни ағарту бағытына жауапты маман Сәкен Еншібайұлы семинарға қатысушыларға «Ажырасу – Алла сүймейтін іс» тақырыбында насихат айтты.

Шара соңында жас отбасылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Сондай-ақ, оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.