preloader

Жаңалықтар

Іле ауданының бас имамы «Шарапатты Рамазан» шарасына қатысты

Іле ауданының бас имамы «Шарапатты Рамазан» шарасына қатысты

Алматы облысына қарасты Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешіті «Шарапатты Рамазан» акциясына үн қосты.

Игі шара барысында аудан бас имамы Дархан Аманұлы алты баласы бар жалғызбасты ананың шаңырағынада ауызашар дастарқанын жайып, сол жерден ауыз ашты.

Бұдан бөлек, көпбалалы жалғызбасты анаға «Рамазан қоржыны» табысталып, қаржылай көмек көрсетілді.