preloader

Жаңалықтар

Іле ауданының имамдары білімін жетілдірді

Іле ауданының имамдары білімін жетілдірді

Алматы облысына қарасты Іле ауданы Түймебай ауылдық «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінде жергілікті дін қызметкерлерінің білімін жетілдіруге арналған семинар өтті.

Алғы сөзді алған Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы бұл семинардың мақсаты дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру арқылы, олардың сауатты қызмет етуіне ықпал жасау екенін айтып өтті.

Осыдан кейін Алматы облысының наиб имамы, өңіріміз бойынша діни ағарту бағытына жауапты маман Сәкен Еншібайұлы семинарға қатысушыларға дін саласына қатысты заңдарды түсіндірсе, «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінің наиб имамы Әбдікәрім Рахманәлі Ислам тарихынан, Батыр ауылдық «Нұр-ислам» мешітінің имамы Әлішер Төлегенұлы ақидадан дәріс оқыды.