preloader

Жаңалықтар

Іле ауданында жамағат арасында сайыс өтті

Іле ауданында жамағат арасында сайыс өтті

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Қоянқұс ауылы «Абахалис Кәрімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Дін мен Дәстүр 1» атты кітаптан жамағат арасында сайыс өтті.

Алғы сөзді алған Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы келген үміткерлерге шараның мәні мен мақсатын түсіндірсе, Алматы облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты маман Жұмабеков Жәнәбіл Ахметбекұлы «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында уағыз айтты.

Іле ауданына қарасты 23 ауылдан келген 23 үміткердің ішінде І орынды Ақши ауылының шәкірті Батан Бірлік (100 000 тг) иеленді. ІІ орын Қоянқұс ауылының шәкірті Бекжан Кошенбаевқа (75 000 тг) бұйырса, ІІІ орынға «Д.А. Қонаев» мешітінің шәкірті Әкебек Ілияс (50 000 тг) табан тіреді. Сондай-ақ, Алмас Асқарұлы және Ерзат Қайратұлына ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.