preloader

Жаңалықтар

«Имам Мұхаммед» мешітінде «Рамазан және бас имам сағаты» жобасы қолға алынды

«Имам Мұхаммед» мешітінде «Рамазан және бас имам сағаты» жобасы қолға алынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз – насихат бөлімінің бастамасына орай, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Еңбекшіқазақ аудандық «Имам Мұхаммед» мешітінде «Рамазан және бас имам сағаты» атты жоба жүзеге асуда.

Берекелі айдың әр жұма күні аудан бас имамы Ибрагим Нұрахмедұлы құптан және тарауық намазына жиналған жамағатпен сүбелі сұхбат құрып, көпшіліктің тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап беруде.