preloader

Жаңалықтар

Кеген ауданы: Құрбан айт қарсаңына жиын өтті

Кеген ауданы: Құрбан айт қарсаңына жиын өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес Құрбан айт мейрамына орай Кеген аудандық «Әулие Абыз – Әлмерек баба» мешітінде арнайы жиын ұйымдастырылды.

Аудан бас имамы Рахматулла Моллақанағатұлы жергілікті дін қызметкерлеріне Құрбан айт күндері тәртіпке барынша мән беруге, құрбан шалынатын орындардың санитарлық тазалығы мен ветеринарлық талаптарға сәйкес болуын қадағалау тағы сол сияқты құрбан айт күнгі орындалатын діни рәсімдерге мұқият қарауды тапсырды.