preloader

Жаңалықтар

«Менің алғашқы оразам» атты семинар өтті

«Менің алғашқы оразам» атты семинар өтті

Қарасай аудандық «Түркістан» мешітінде «Менің алғашқы оразам» атты семинар ұйымдастырылды.

Танымдық шарада аудан бас имамы Дәуренбек Жандосұлы Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы сөз қозғаса, дәрігер-диетолог, нутрицолог Тленчиева Айжан биыл алғаш рет ораза тұтқан оразаның адам ағзасына пайдасы жайлы айтып, сәресі мен ауызашар уақытында дұрыс тамақтанудың тәсілдерін үйретті.

Өз кезегінде  ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-нің технологы Сыдық Әселхан халал сараптамадан өткен азық-түліктер туралы баяндап, халал ұғымы туралы кең түсінік берді. Мешіт ұстазы Назерке Әкішқызы болса ораза айында жақсылыққа жарысу жөнінде тұщымды уағыз айтты.