preloader

Жаңалықтар

Наиб мүфти медресе-колледж студенттерімен кездесті

Наиб мүфти медресе-колледж студенттерімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің студенттермен жүздесті. 

Медресе директоры, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы наиб мүфтиді шәкірттермен және ұстаздармен таныстырып өтті.

Ершат Ағыбайұлы өз сөзінде: «Медресе – діни ағартушылық ордасы. Ислам дінінің алғашқы төрт ғасырында медресе міндетін мешіт атқарды. Ардақты пайғамбар ﷺ Мадина қаласына көшіп келгенде, ең әуелі қолға алған жұмысы – мешіт құрылысы еді. Ал бүгінде елімізде арнайы мемлекеттік тұрғыда лицензияланған діни оқу орындары бар. Бұл – үлкен нығмет. Және онда шәкірт болып, дін ілімін меңгеру де үлкен бақыт» деп атап өтті.

Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының медреселерге үлкен қолдау көсетіп жатқанын, қашанда қолдау көрсететінін тілге тиек етті. Шәкірттер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, дәлелді-дәйекті жауаптар алынды.