preloader

Жаңалықтар

Наиб мүфти Алматы облыстық мешітінде уағыз айтты

Наиб мүфти Алматы облыстық мешітінде уағыз айтты

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде уағыз айтып, жамағатпен бірге тарауық намазын оқыды.

Наиб мүфти құптан намазына жиналған жамағатқа «Рамазан – мейірім айы» тақырыбында уағыз-насихат айтып, әр сәті сауапқа толы берекелі мезгіл туралы тұщымды ойларымен бөлісті.

Тарауық намазынан соң наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы көпшілікпен бірге Алла Тағалаға шүкіршілік етіп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.