preloader

Жаңалықтар

Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада жұма уағызын айтты

Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада жұма уағызын айтты

Бүгін, қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұма уағызын айтты.

«Зұлхижжа айының алғашқы он күнінің артықшылығы» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти: «Алла Тағала пенделерінің ізгілік амал атқарып, көбірек сауап істер жасауы үшін кейбір күндер мен түндерді басқаларынан артық етіп қойды. Мұсылман баласының Жаратушысының кешіріміне бөленуге тырысып, ізгі амалдарға ерекше ынта танытуы керек сондай уақыттың бірі – осы құрбан айт мерекесінің кезеңі. Бұл ай мұсылман күнтізбесінде зұлхижжа айы деп аталады. Зұлхижжа айы мұсылмандар үшін аса құрметті де және ардақты айлардың бірі. Бұл айдың алғашқы он күнінде жасалатын ғибадаттардың қадірі өте жоғары. Алла Тағала қасиетті Құранның «Фәжр» сүресінің алғашқы екі аятында: «Таң шапағына серт. Және (мүбәрәк) он түнге серт», – деп айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зулхижжа айының алғашқы он күні жайында: «Алла Тағалаға осы (он) күнде істелген игі істен жақсырақ амал жоқ», – деген. Алла Тағала игі амалдарымызды қабыл етсін» деді.