preloader

Жаңалықтар

«Неке – жүрек қалауы» атты семинар өтті

«Неке – жүрек қалауы» атты семинар өтті

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының бастамасымен Талғар ауданында «Неке – жүрек қалауы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Ақ некенің мән-мағынасын түсіндіру, әйел адамның отбасындағы міндеттерін айқындау мақсатында жүзеге асқан шараға өңіріміздегі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Гүлмира Лесбай, психолог, коуч Санира Шаймұратқызы, Талғар қаласы АХАЖ бөлімінің маманы Жанар Болатбайқызы, Т. Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп психологы Гүлназ Рақатқызы және облысымызға қарасты құлшылық үйлерінің ұстаздары мен жамағаты қатысты.

Шара шымылдығын «Аналар мектебі» ардақты пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтумен ашқаннан кейін, Санира Шаймұратқызы некедегі әйелдің орны мен қоғамдық деңгейдегі рөлі туралы айтып берді.

Жанар Болатбайқызы ажырасу мәселесіне тоқталып, жанұя – қоғамның бастапқы негізі, әлеуметтік құрылымының негізі болып табылатындығын, отбасын сақтап қалу үшін күресу керек екендігін түсіндірді.

Өз кезегінде Гүлназ  Рақатқызы мектеп психологы ретінде, ажырасқан отбасындағы бала психологиясына қатысты баяндама жасады.

Семинар соңында баяндамашылар мен қонақтарға арналып ақ дастарқан жайылып, қатысушыларға құрмет көрсетілді.