preloader

Жаңалықтар

Облыстық мешіт қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Облыстық мешіт қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасымен облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан ұстаздар мен әйел қызметкерлерге алғыс хаттар үлестірілді.

Шара аясында облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы асыл дініміздегі әйелдердің мәртебесі жайлы айтып, жылы лебізін білдіріп, құлшылық үйінің қызметкерлеріне гүл шоқтары мен сый-сияпат табыстады.