preloader

Жаңалықтар

Облыстық мешітте «Ажырасу – Алла сүймейтін іс» атты семинар өтті

Облыстық мешітте «Ажырасу – Алла сүймейтін іс» атты семинар өтті

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Ихсан және Насихат» бағыты аясында «Ажырасу – Алла сүймейтін іс» атты семинар ұйымдастырылды.

Отбасыларға арналған танымдық шараның алғы сөзін алған Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы ажырасудың дініміздегі үкімі жайлы кеңінен айтып берді.

Облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Бағылан Болатбекұлы өңіріміз бойынша пәтуа мамандарына жүгінетін отбасылардың негізгі мәселелеріне тоқталып, ажырасудың алдын алу жолдары бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті.

Өз кезегінде Қонаев қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Дәметкен Таласбекқызы қазіргі қоғамдағы жанұялардың өмір сүру қағидалары және отбасы институтының маңыздылығы жөнінде сөз қозғаса, Аналар кеңесінің төрайымының орынбасары және Семей полигонынан зардап шеккендер ұйымының жетекшісінің көмекшісі Назым Сабазқызы дініміз бен салт-дәстүріміздегі отбасылық өмір туралы айтып, елдің болашағы берекелі шаңырақтан басталатынын еске салды.

Шара соңында облыс бас имамы аталмыш шараны ұйымдастырған Жастар ісі секторына жауапты маман Алихан Құндызбекұлына алғыс білдірді.