preloader

Жаңалықтар

Балқаш аудандық «Оспанқожа ата» мешітінде кітапхана ашылды

Балқаш аудандық «Оспанқожа ата» мешітінде кітапхана ашылды

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде кітапхана ашылды.

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлының бастамасымен құлшылық үйінде кітап сөрелері орнатылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан мақұлданған және «Muftyat» баспасынан шыққан кітаптар жамағаттың игілігі үшін қойылды.

«Бұл кітаптардың барлығы қоғам сұранысына жауап беріп, халықтың руханиятын байытатын еңбектер. 1000 жуық кітап данасы бар кітапханамыз жамағат үшін ғана емес, қалың оқырман үшін де ашық», деді аудан бас имамы.