preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: «Отбасым – бақыт мекенім» атты семинар өтті

Іле ауданы: «Отбасым – бақыт мекенім» атты семинар өтті

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті Водник-2 ы/а «Арын қажы» мешітінде әйел жамағатына үшін «Отбасым – бақыт мекенім» атты семинар ұйымдастырылды.

Танымдық шара аясында Аринова Майгүл ұстаз отбасылық өмірдің қыр-сыры туралы насихат айтып, көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Өз кезегінде семинарға қатысушылар осындай шараны ұйымдастырған Майгүл ұстазға және «Арын қажы» мешітінің ұстазы Зейнелханова Айсұлуға алғыс айтты.