preloader

Жаңалықтар

«Отбасындағы ихсан» атты семинар өтті

«Отбасындағы ихсан» атты семинар өтті

Алматы облысына қарасты Әйел-қыздар секторы Қонаев қаласының әйел жамағатына арналған «Отбасындағы ихсан» атты семинар ұйымдастырды.

Танымдық шара барысында өңіріміздегі Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Назерке Әкішқызы отбасы құндылықтары және жанұядағы әйел адамның орны туралы сөз қозғаса, Ғажап Жайнагүл ұстаз ихсан ұғымының мән-мағынасына тоқталып, осы тақырыпты ашып берді.

Сонымен қатар үлгілі отбасының анасы ретінде шақырылған қонақ Мүнәйім Арынқызы бала тәрбиесі жайлы айтып, өз тәжірибесі бойынша кеңестермен бөлісті.