preloader

Жаңалықтар

Қарағандыда 500 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қарағандыда 500 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында «Әнет баба» мешітінде өткен қайырымдылық акциясына қатысты.

«Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде-кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді», – деген. Алла Тағала игі іске үлес қосқан барша азаматтарға мол сауаптан жазсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, қайырымдылық акциясы аясында 500 отбасыға азық-түлік қорапшалары таратылды.