preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: 60 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Қарасай ауданы: 60 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарасай ауданы Райымбек ауылындағы «Қажы Зуһа батыр-қажы Арслан» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Ринат Маратұлы және дін қызметкерлері қатысып әлеуметтік жағдайы төмен 60 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттерін үлестіріп берді.