preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданының бас имамы оқушылармен кездесті

Қарасай ауданының бас имамы оқушылармен кездесті

Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы Қаскелең қаласында орналасқан Аппақ Байжанов атындағы орта мектебінде өткен шараға қатысты.

«Рамазан және бас имам» тақырыбында өткен кездесу барысында Дәуренбек Жандосұлы және теолог Оразхан Исаханұлы жоғары сынып оқушыларына ораза ұстаудың ережелері, ізгі амалдар жасаудың және діни сауатты болудың маңыздылығы туралы айтып берді.