preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданының бас имамы оқушылармен кездесті

Қарасай ауданының бас имамы оқушылармен кездесті

Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы Қаскелең қаласында орналасқан Абай Құнанбайұлы атындағы орта мектебінде өткен шараға қатысты.

Кездесу басында аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жарқынай Қыдырхарқызы сөз алып, кездесу мақсатын түсіндірді.

Өз кезегінде Дәуренбек Жандосұлы «Ислам айнасы» тақырыбында баяндама жасап, жоғары сынып оқушыларына дін ұғымына қатысты кеңінен түсінік беріп, олардың сұрақтарына жауап берді.