preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданының бас имамы «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы мектептің рөлі» атты форумға қатысты

Қарасай ауданының бас имамы «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы мектептің рөлі» атты форумға қатысты

Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы Қаскелең қаласында орналасқан «Алтын ауыл орта мектебінде» өткен «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы мектептің рөлі» атты форум жұмысына қатысты.

Дәуренбек Жандосұлы бала тәрбиесінің маңыздылығы туралы сөз қозғап, ата-ананың бала-шағасының алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктеріне қатысты қағидаларды қамтып, шариғи үкімдерді заманауи қолдану тақырыбында баяндама жасады.