preloader

Жаңалықтар

ҚМДБ төрағасы халықаралық көрмені аралады

ҚМДБ төрағасы халықаралық көрмені аралады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Нұр-Мүбәрак университетінде халықаралық көрмені аралады.

Көрмеге IRCICA ислам ынтымақтастығы ұйымының халықаралық каллиграфия байқауларында жүлдеге ие болған жеңімпаздардың, сонымен қатар елімізге белгілі каллиграф Асылбек Орынбасардың туындылары қойылған. Олардың туындыларында қасиетті Құран Кәрім аяттары мен дұғалар қолмен жазылған.

Көрмені аралау барысында Бас мүфти каллиграф Асылбек Орынбасардың жұмысына сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі.