preloader

Жаңалықтар

ҚМДБ төрағасы Жезқазғанда жаңа мешіттің құрылысымен танысты

ҚМДБ төрағасы Жезқазғанда жаңа мешіттің құрылысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған сапарында Жезқазған қаласында жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысының бас имамы Елдос Қуандықұлына жаңа мешіт құрылысын жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырды.

Айта кетсек, бүгінде Жезқазған қаласында 1 мешіт бар. Жамағатпен оқылатын жұма, айт, тарауық намазы кезінде халық құлшылығын сыртта оқуға мәжбүр. Бір қалаға бір мешіт өте аз екенін сезінген жергілікті жұртшылық ерікті түрде құлшылық үйінің құрылысына жәрдем беруде.