preloader

Жаңалықтар

«Қоғамға қызмет — ізгілік қасиет» атты тақырыпта кездесу өтті

«Қоғамға қызмет — ізгілік қасиет» атты тақырыпта кездесу өтті

Алматы облысы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Шамалған қаласындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында кездесу өтті.

«Ислам және ізгі қоғам» жылына орай «Қоғамға қызмет — ізгілік қасиет» тақырыбында өткен кездесуге Қарасай ауданының бас имамы Дауренбек Жандосұлы, Алматы облысы бойынша Жастар ісі секторының жауапты өкілі Алихан Құндызбекұлы және жергілікті «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледж» студенттері қатысты.

Жиын барысында жастарға көркем мінезділікке ұмтылып, қоғамға пайдалы болудың маңыздылығы және ізгілікке жетудің қадамдары айтылды.