preloader

Жаңалықтар

Қонаев қаласында ҚМДБ атынан ауызашар берілді

Қонаев қаласында ҚМДБ атынан ауызашар берілді

Алматы облысы Қонаев қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан ауызашар дастарқаны жайылды.

Рухани шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Сапарұлы, Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы, Қонаев қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Дәнібекұлы, ақын, термеші Жәкен Қазыбекұлы, «Нұр» және «Кәусар» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты.

Қала әкімі Нұрлан Орынбасарұлының Рамазан айымен құттықтау сөзінен кейін, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жиналған көпшілікке ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, оразаның қадір-қасиетін баяндады.

Өз кезегінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Сапарұлы ағамыз да бұл мезгілдің ерекшеліктеріне тоқталды.

Бұдан бөлек Жарапазан айтылып, жас ұрпаққа Рамазан айының мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында тәттілер салынған базарлық қорапшалары үлестірілді.